2015 жылғы 22 мамыр, Астана қаласы
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі
_____________Ә.Исекешев _____________ Е.Досаев
2015 жылғы 11 маусым 2015 жылғы 28 мамыр
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен бекітілген
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі –лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік сыныптауыш коды – 105402, төлем мақсатының коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
1) лицензия алу үшін:
1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегені туралы ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеу болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың борышкер өтініш иесіне лицензия беруге уақытша тыйым салуы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған шағымда оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында («Қолдау және қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші
Кімге_______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Кімнен______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
____________________________________________________________________ ______________________________ жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
____________________________________________________________________
почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________________
(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ______________ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _______________
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
Астық сақтау қоймасының (элеватор, астық қабылдау пункті) атауы:
________________________________________________________________
Құқық иеленушінің БСН ___________________________________________
Астық сақтау қоймасының орналасқан жері және кадастрлық нөмірі_______
_________________________________________________________________
Меншік иесі (құқық иеленуші) _____________________________________
Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер
Жабдықтың атауы Өлшем бірлігі ______ 20__ жылы бары Жағдайы
1 2 3 4
астық тазалау машиналары дана
астық кептіру жабдығы сағатына дана /тонна
таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген) дана
тиеу-түсіру құрылғылары дана
көтергіш-көлік жабдығы дана
жылжымалы көлік жабдығы дана
белсенді желдету жабдығы дана
астық сақтауға арналған ыдыстар мың тонна
сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық жиынтық
Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған алаңдардың болуы туралы мәліметтер________________________________________________________
(асфальтталған алаңдар бойынша көлемдер м2 көрсетіледі)
Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы, өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері береді)
р/с
№ Құжаттың атауы Құжаттың нөмірі Іс-әрекеттің басталу күні Іс-әрекеттің аяқталу күні Метрологиялық қызметтің атауы
1 2 3 4 5 6
Жарамды жабдықпен және аспаптармен астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жабдықталуы туралы мәліметтер
Объект Өлшем бiрлiгi ___________20__ жылы бары
1 2 3
Сынама іріктегіштер дана
Ылғал өлшегiштер дана
Кептiргiш шкафтар дана
Зертханалық таразылар дана
Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер дана
Елеуіштер жиынтықтары дана
Пуркалар дана
Ақуыздың үлесін анықтауға арналған құрылғы дана
Дән маңызының үлесі мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар дана
Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар дана
Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар дана
Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер дана
Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер
р/с
№ Маманның Т.А.Ә. Лауазымы Білімі бойынша
мамандығы Мамандығы бойынша жұмыс өтілі
1 2 3 4 5
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған өтiнiші
Кімге _______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Кімнен______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)
20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген,
____________________________________________________________________
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектісінің асты сызылсын) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):
1) лицензиат заңды тұлғаның «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):
бірігу _____________ қосылу ____________
қайта құру _________ бөліп шығару ______ бөліну ____________
жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) лицензиат заңды тұлғаның атауының өзгеруі __________________
3) лицензиат заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгеруі _______
4) лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны лицензиаттың иеліктен шығаруы _______________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілместен оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі __________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _____________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________ __________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беремін.
Басшы ____________________ __________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11625 болып енгізілді.